ПАЙДАЛАНУШЫ КЕЛІСІМІ
«Моторная компания «Астана-Моторс» ЖШС
Сайтты пайдаланудың жас шектеуі: 14+
31.07.2026 ж. нұсқасы
Кіріспе бөлім
https://astana-motors.kz/ сайтын (бұдан әрі – «Сайт») пайдаланбас бұрын, Сізден осы Пайдаланушы келісімімен (бұдан әрі – Пайдаланушы келісімі) мұқият және толық танысуыңызды сұраймыз:
1) дербес – 18 (он сегіз) жасқа толған кезде;
2) заңды өкілдерімен бірге – 14 (он төрт) жастан 18 (он сегіз) жасқа дейінгі жаста немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негіздер бойынша.
Осы Пайдаланушы келісімі Сіз (бұдан әрі – «Пайдаланушы») мен «Моторная компания «Астана-Моторс» ЖШС (бұдан әрі – «Компания» немесе «CompanyName») арасындағы Сайтты пайдалануға қатысты қатынастарды реттейді.
Жалпы ережелер
1. Пайдаланушы келісімі жария оферта болып табылады: Сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, Сіз Пайдаланушы келісімінің шарттарымен келісесіз және оларды сөзсіз қабылдайсыз.
Пайдаланушы келісімімен толық немесе ішінара келіспеген жағдайда, Сайтты пайдалануды дереу тоқтату қажет.
2. Компания Пайдаланушы келісімінің қолданысын өзгертуге, толықтыруға немесе тоқтатуға құқылы. Пайдаланушы келісімінің жаңартылған шарттарымен танысу жауапкершілігі
Пайдаланушының өзіне жүктеледі.
2.1. Өзекті Пайдаланушы келісімі мына мекенжайда орналасқан: https://astana-motors.kz/.
3. Осы Пайдаланушы келісімінде келесі терминдер, белгілер және қысқартулар қолданылады:
| «Моторная компания «Астана-Моторс» ЖШС, Компания, біз |
«Моторная компания «Астана-Моторс» ЖШС, БСН 091140012510, Сайттың және Пайдаланушы келісімінің, сондай-ақ онда орналасқан материалдардың иесі ретінде |
| Пайдаланушы, Сіз |
Сіз, Сайтты пайдаланатын, 18 (он сегіз) жасқа толған әрекетке қабілетті жеке тұлға; немесе 14 (он төрт) жасқа толған, Сайтты заңды өкілімен (заңды өкілдерімен) бірге пайдаланатын тұлға |
| Сайт | |
| Пайдаланушы келісімі |
Сайтты пайдалану шарттары туралы келісім |
| Дербес ақпарат |
Пайдаланушыны сәйкестендіруге мүмкіндік беретін мәліметтер немесе бірегей Пайдаланушы тәжірибесі туралы жекелендірілмеген мәліметтер |
| Құпиялылық саясаты |
Жеке ақпаратты жинау, өңдеу, сақтау және пайдалану шарттары, мына мекенжайда орналасқан: https://astana-motors.kz/ |
| Контент |
Сайтта орналасқан кез келген мәтіндік, графикалық, аудио және өзге де материалдар |
4. «Моторная компания «Астана-Моторс» ЖШС:
4.1. Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзбайтын кез келген Контентті орналастыруға, өзгертуге, толықтыруға немесе жоюға құқылы;
4.2. Егер Сайтта өзгеше көрсетілмесе, Контенттің меншік иесі немесе заңды құқық иеленушісі болып табылады;
4.3. Осы Пайдаланушы келісімінің шарттарын бұзатын кез келген Пайдаланушыға Сайтты пайдалануға тыйым салуға құқылы;
4.4. Пайдаланушы Сайтта орналастыратын мәліметтердің дұрыстығы мен заңдылығын тексеруге құқылы;
4.5. Жеке ақпаратты және Сайтты үшінші тұлғалардың заңсыз қол жеткізуінен қорғауды жүзеге асырады.
5. Пайдаланушы:
5.1. Сайтты осы Пайдаланушы келісімінің шарттарында пайдалануға құқылы;
5.2. Сайттың және/немесе Контенттің жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстар енгізуге немесе оларға шағымдар жіберуге құқылы;
5.2. Ашық дереккөздерде қолжетімді мәліметтерді қоспағанда, бағдарламалық жасақтамаға, кодқа, Сайттың техникалық немесе өзге де сипаттамаларына қол жеткізуге кез келген әрекеттерді жасамауға, сондай-ақ мұндай мәліметтерге өзгерістер енгізбеуге міндеттенеді;
5.3. Сайтты Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін мақсаттарда, оның ішінде: алаяқтық мақсаттарда, спам жіберу немесе зиянды бағдарламалық жасақтаманы орналастыру үшін пайдаланбауға міндеттенеді;
5.4. Сайтта енгізілетін және орналастырылатын ақпараттың дұрыстығы мен заңдылығы үшін жауапты болады.
6. Авторлық және сабақтас құқықтар:
6.1. Егер өзге тұлғалардың құқық иеленушілігі көрсетілмесе, CompanyName Контенттің иесі немесе оны пайдалануға заңды құқық иеленуші болып табылады;
6.2. Пайдаланушыға Контентті көшіруге, өзгертуге және пайдалануға тыйым салынады, жеке немесе ақпараттық мақсаттарда ішінара дәйексөз келтіруді қоспағанда – мұндай дәйексөзді ақтайтын көлемде;
6.3. Контентті ақпараттық мақсаттарда CompanyName-ге Контент иесі ретінде және Сайтқа бастапқы дереккөз ретінде сілтеме жасай отырып пайдалануға рұқсат етіледі. Контентті орналастыру Компания редакциясында, келесі байланыс деректері бойынша орналастыруды келісу арқылы жүзеге асырылады: office@astana-motors.kz.
7. Дербес ақпарат
7.1. Жеке ақпаратты (жеке деректерді, Сайтты пайдалану тарихын, құрылғы туралы мәліметтерді және т.б.) жинау, өңдеу, сақтау, беру, пайдалану және жою шарттары Пайдаланушы келісімінің ажырамас бөлігі болып табылатын және мына мекенжайда орналасқан Құпиялылық саясатымен реттеледі: г. Алматы, ул. Розыбакиева, 263;
7.2. Компания Пайдаланушылардың Дербес ақпаратының сақталуын қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық шараларды қабылдайды.
8. Жауапкершілік:
8.1. Пайдаланушы келісімінің шарттарын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік көзделген;
8.2. Компания Пайдаланушы келісімін бұзған Пайдаланушыларға Сайтты пайдалануға тыйым салуға да құқылы;
8.3. Компания техникалық ақауларға, Интернет желісінің жұмысына және/немесе біздің бақылауымыздан тыс үшінші тұлғалардың заңсыз әрекеттеріне байланысты Пайдаланушыға келтірілген залал немесе зиян үшін жауапты болмайды;
8.4. Сайт пен Контент Пайдаланушыларға «сол қалпында» қағидаты бойынша ұсынылады: біз Сайттың үздіксіз әрі сапалы жұмыс істеуін және Контенттің орналастырылуын қамтамасыз ету үшін барлық мүмкіндікті жасаймыз, алайда Сайттың немесе Интернет желісінің жұмысындағы іркілістердің, сондай-ақ Сайттың жұмысына және Контенттің орналастырылуына әсер ететін үшінші тұлғалардың құқыққа қайшы әрекеттерінің орын алуы жоққа шығарылмайды және олар біздің бақылауымыздан тыс болады.
9. Қорытынды ережелер
9.1. Осы Пайдаланушы келісімі Сайтта орналастырылған сәттен бастап күшіне енеді және Компания Пайдаланушы келісімін Сайттан кері қайтарып алған сәтке дейін қолданылады;
9.2. Пайдаланушы келісіміне қатысты барлық сұрақтар, ұсыныстар мен шағымдар бойынша мына мекенжайға хабарласуыңызды сұраймыз: Алматы қ., Розыбакиев к-сі, 263, немесе электрондық поштаға: office@astana-motors.kz.